5 мың долларға бала сатпақ болған медицина қызметкері ұсталды

Zakon.kz
Сәбидің анасы Өзбекстан республикасынан келіп Атыраудағы перзентханада босанып қалған.

Атырау облысындағы перзентханалардың бірінде жаңа туған сәбиді 5 мың АҚШ долларына сатпақ болған медицина қызметкері ұсталды, - деп хабарлайды Bnews.kz.

Қылмыстық жолға барған дәрігерлер мен оның сыбайластарын ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Дәрігер мен оның сыбайластары қылмысы үстінде бұлтартпас айғақтармен құрықтады. Дегенмен перзентхана қызметкерлері келісілген сома бойынша бала сатып алушылардан алдын-ала 2,5 мың АҚШ долларын алып үлгерген. Қылмыстық топ мүшелері қалған ақшасымен есептесіп, сәбиді перзентханадан шығару және құжаттарын рәсімдеу кезінде қолға түсті.

«Сәбидің анасы Өзбекстан республикасынан келіп Атыраудағы перзентханада босанып қалған. Осы жағдайды өз пайдасына асырмақ болған медицина қызметкері жас ананы баласын сатуға көндірген. Қазір күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Бұл іспен ІІД Тергеу басқармасы айналысып жатыр», - дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Қазір қолға түскен күдікті медицина қызметкері уақытша оқшаулау қапастарына қамалды. Ал сәбиді саудалап, өз бауырына басқысы келгендер туралы ақпарат әзірге құпия.

Фото: Bnews.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо