Павлодарда үш жыл далаға шықпаған жарымжан зейнеткердің үйіне арнайы көтергіш орнатылды

Zakon.kz
Мені далаға шығаратын адам болған жоқ. Енді таза ауа жұтуға өзім шыға аламын, - деді Татьяна Зыкина.

Павлодарда үш жыл далаға шықпаған мүгедектің үйіне арнайы көтергіш орнатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Торайғыров көшесі, 6 мекенжайында тұратын екінші топ мүгедегі Татьяна Зыкинаның үйінің алдына «ДОИ «Замандас» АҚ демеушілігі арнайы көтергіш орнатты.

- Мен жетінші қабатта қызыммен тұрамын. Ол күні бойы жұмыста болады. Мені далаға шығаратын адам болған жоқ. Енді таза ауа жұтуға өзім шыға аламын, - деді Татьяна Зыкина.

«Фора» ЖШС инженері Нұрболат Сәрсембиннің айтуынша, орнатылған құрылғы толықтай Павлодарда жинақталады.

- Біздің фирма үш жыл бойы ортопедиялық жабдықтарды жеткізумен айналысады. Сол кезден бері көмекке мұқтаж жандар осындай құрылғылар қойылса деп ниет білдірген еді. Қазір шамамыз жеткенше орнатып жатырмыз. Аталмыш құрылғының орташа бағасы - 800 мың теңге, - деді Нұрболат Сәрсембин. Жалпы фирма Павлодар мен Астана қалаларында 14 көтергіш орнатты.

Назым Қарабаева

Фото: pavlodarnews.kz.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России