Ақтөбеде жетім балаларға арналған әлеуметтік үй салынады

Үй жанына шағын цех салынады. Онда денсаулығында ақауы бар үй тұрғындары еңбек етеді, атап айтсақ, кондитерлік өнімдер өндіретін шағын цех, аяқ киім жөндеу, тігін цехтары, шаштараз, массаж орталығы ашылады.

Ақтөбеде қала маңындағы Кирпичный кентінде қайырымдылық қорының қаражаты есебінен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 80 жетім балаға арналған әлеуметтік үй құрылысы басталды, деп хабарлады облыстық әкімдіктен. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА жазды.

Әлеуметтік үйде жеке пәтерлерде 80 жас тұрғын өмір сүретін болады, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат түлектері де бар. Үйде тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды сауықтыруға арналған тренажерлармен емдеу залы, релаксация бөлмесі болады.

Үй жанына шағын цех салынады. Онда денсаулығында ақауы бар үй тұрғындары еңбек етеді, атап айтсақ, кондитерлік өнімдер өндіретін шағын цех, аяқ киім жөндеу, тігін цехтары, шаштараз, массаж орталығы ашылады.

Үй құны 1,2 млрд теңгеге бағалануда.

Қазірг кезде Ақтөбе облысында 70 орындық Жасөспірімдер үйі бар. Онда интернат түлектері 23 жасқа дейін тұрады. Әлеуметтік үймен 18-29 жас аралығындағы балалар үйі мен мектеп-интернаттардың түлектері қамтамасыз етілетін болады.

Фото: inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: