Ақтөбедегі тұрғын үй кооперативтерінің алдағы жылу маусымына дайындығы сылбыр

Zakon.kz
Көп қабатты тұрғын үй қысқа сақадай сай болуы үшін ондағы жылу желілерінің кейбір тетіктері жаңартылып, барлық қондырғылар тексерілуі тиіс.

Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй кооперативтерінің алдағы жылу маусымына дайындығы сылбыр. Жылу беретін мекеме ерте көктемде барлық үйлердің даярлығы жайлы арнайы құжаттары болуы керектігін ескертсе де, коммуналдық ұйымдардың асығатын түрі жоқ, деп жазады 24.kz арнасы.

Көп қабатты тұрғын үй қысқа сақадай сай болуы үшін ондағы жылу желілерінің кейбір тетіктері жаңартылып, барлық қондырғылар тексерілуі тиіс. Сонымен қатар ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары да жүргізілуі керек,- дейді мамандар. Алайда көптеген тұрғын үй кооперативтері бұл жұмыстардың әлі біреуін де бастамаған. Қазіргі кезде «Транс-Энерго» акционерлік қоғамы үйлерге дейінгі жылу желілерін қалыпқа келтіріп болды. Алүй ішіндегі қажетті жұмыстарды коммуналдық ұйымдар атқаруға міндетті. Айта кеткен жөн, Ақтөбедегі жылу маусымының басталуына небәрі екі айдай уақыт қалды.

Айсағали Жұмыров, қала тұрғыны:

- Бұл үй қазір КСК-да емес, еш жерде жоқ тізімде. Сондықтан бұған ешкім қарамайды. Біздің бәріміздің жиналған себебіміз әкімшілік арқылы көмек берсе, осы үйді КСК-ға қосса, біз КСК-ға көмектесер едік.

Фото: 24.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов