Қазақстандық спортшылар Риодағы алғашқы әсерлерімен бөлісуде

Zakon.kz
Спортшылар Инстаграмдағы парақшаларында Риодағы өздерінің алғашқы видеоларымен бөлісуде

Тамыздың 5-і күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары мен жанкүйерлері Бразилияға келе бастады. Алғашқы видеолар да интернет кеңістігінде пайда болды, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Спортшылар Инстаграмдағы парақшаларында Риодағы өздерінің алғашқы видеоларымен бөлісуде. Теннисші Галина Воскобоева Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық қалашықты толық шолып шыққанға ұқсайды. Ол қазақстандық құраманың жатқан жерін, теннис орталығын, тіпті Олимпиада чемпионы Энди Маррейдің жаттығу сәтін де жариялап үлгерген. Данияр Елеусінов болса, Қайрат Ералиевпен, Берік Абдрахмановпен, Әділбек Ниязымбетовпен бірге олимпиада қалашығында түскен бірлескен фотоны жұрт назарына ұсынды. Ал Қазақстан палуандары риолықтармен бірге «Ола, Бразил, Сәлем, Қазақстан!» атты видео сәлемдеме жіберіпті.

Айта кетейік, Қазақстан намысын қорғауға елімізден 104 спортшы аттанды. 2016 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтеді. Ал 5 тамызда ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, 21 тамызда Олимпиаданың жабылу рәсімі болады деп күтілуде.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака