Қарағанды облысында автобус жолаушысынан 18 келіден астам марихуана тәркіленді

Zakon.kz
Оқиға орнында жүктің иесі ұсталды. Ол 29 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны екені анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Зара есімді лабрадор итінің көмегімен автобус жолаушыларының бірінің сөмкесінен 18 келіден астам марихуана есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы 24.kz арнасы, Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Көкнәр» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен «Соқыр» шеп бекетінде Шу-Астана бағытындағы автобус тоқтатылған. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті Кинологиялық қызмет орталығының Зара атты қызметтік іздестіру итінің көмегімен автобусқа жүргізілген тексеріс жұмыстары кезінде ішінде марихуана есірткі заты бар сөмке табылды. Оқиға орнында жүктің иесі ұсталды.

Ол 29 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны екені анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жыл басынан бастап облыстық ІІД Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен заңсыз айналымнан 200 келіге жуық есірткі заттары тәркіленсе, соның ішінде 23 келіден астамы героин есірткі заты.

Айнұр Әбдиева

Фото: rnns.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Пусть сбудутся мечты": вдова Асанали Ашимова обратилась к 18-летнему сыну

Может ли прорвать озеро Сорбулак в Алматинской области и как водоем влияет на природу

Не только собаки: ученые выяснили, почему лошади мгновенно считывают человеческие эмоции

Электросамокатам запретят движение по тротуарам, а велосипедам и малым электрическим ТС – нет

В Алматы с 21 января изменят маршруты двух автобусов