Кәрім Мәсімов Степногордағы подшипник өндіру технологиясымен танысты

Zakon.kz
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Степногордағы подшипник өндіретін зауытта болды.

Кәсіпорында теміржол көлігіне арналған подшипниктер шығарылады. Атап айтқанда, зауытта бүкіл ТМД аймағындағы теміржол жылжымалы құрамында пайдаланылатын роликті радиустық подшипниктер өндіріледі. Өткен жылы зауытта 10,3 мың тонна подшипник шығарылған. 2016 жылғы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша 5,8 тонна құрамдас бөліктер өндірілген, деп жазады , Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

2015 жылдың соңында құны 469 млн. теңгені құрайтын «ЕПК-Мәскеу» ААҚ өндірісінің сфералық подшипниктер номенклатурасын «СПЗ» АҚ-на аудару» инвестициялық жобасының жүзеге асырылуы аяқталды. Инвестициялық жоба Ақмола облысындағы Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген.

Машинажасау саласын дамытуда 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына ерекше мән беріледі.

Фото: Pm.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты