БҚО-дағы оқыс оқиғадан денесінің 95 пайызын күйік шалған екінші науқас көз жұмды

Zakon.kz
Бөрлі аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқас бүгін түнде қайтыс болды.

4 тамыз күні Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласындағы газ құю бекетінде өрт шығып, алапат жарылыс болған еді. Оқиға салдарынан екі ер адам зардап шекті. Өкінішке қарай, олардың екеуінің де өмірін ажалдан арашалау мүмкін болмады, деп жазады 24.kz арнасы.

Бұған дейін денесінің 75%-ын күйік шалған 58 жастағы тұрғынның көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Бөрлі аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқас бүгін түнде қайтыс болды.

59 жастағы тұрғынның денесінің 95%-ы күйген. Науқасты облыс орталығына жеткізу мүмкін болмағандықтан, санавиациямен келген дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады. Қазір арнайы қызмет мамандары жарылыстың себебін анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Фото: ria.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Рыбакина второй год подряд будет играть в финале WTA 500 в Нинбо