Арыстағы азаматтардың мәселесі көшпелі қоғамдық қабылдауда қаралды

Zakon.kz
Шараның басты мақсаты – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты күшейту, азаматтардың жан-жақты ақпараттандырылуын, құқықтық сауаттылығын жоғарылату.

«Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалының 2016 жылғы жүйелік кестесіне сәйкес, қалаға қарасты Монтайтас ауылдық округі тұрғындарының жағдайымен, тұрмыс - тіршілігімен танысу мақсатында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға Арыс қаласы әкімінің орынбасары С.Дәрібай, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев, қалалық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағасы, құқық қорғау органдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында жайылымдық жерлер мен таза ауыз су мәселесі, денсаулық сақтау саласындағы жеңілдіктер мен жолдама алу жөніндегі бірқатар сұрақтар көтерілді. Аталған мәселелер бойынша тиісті мекеме, бөлім басшылары тарапынан нақты жауаптар беріліп, мәселелер оң шешімін тапты.

Жиын соңында сөз алған «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Қалиев Елбасының халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, шешілмей жатқан мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Ол үшін барлық заңды жолдарды қарастырамыз деді төрағаның бірінші орынбасары.

Айта кетейік, шараның басты мақсаты – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты күшейту, азаматтардың жан-жақты ақпараттандырылуын, құқықтық сауаттылығын жоғарылату, сондай-ақ, партия қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру болып табылады.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мороз до -17°C и снегопад обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент

Матч "Реала" против "Сельты" закончился драмой для Килиана Мбаппе

В Дубае показали, как строят второе по высоте здание в мире

Казахстан ждет резкое похолодание до -35°C

Тариф на тепло вырастет в одном из городов Казахстана