Төлебиде егін ору науқаны қызу жүруде

Zakon.kz
Алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы бидай өсіруге маманданған Төле би ауданында егін ору науқаны қызу жүруде. Науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Шаруалар алтын астықты ысырап қылмай, жиналған дәнді қамбаға құю үстінде. Жалпы ауданда 19 859 гектар жерге астық егілсе, оның 12747-сі бидай, ал 7112 гектары арпа. Бүгінде шаруалар 8 мың гектарға жуық бидайды орса, арпаны толығымен жинап алып отыр. Гектарына 24-26 центнер өнім алуды жоспарлап отырған диқандар өнімнің түсімі былтырғы жылмен салытырғанда 23,5 пайызға артқанын айтады.

Алтын орақ кезінде 75 комбайн, тасмалдаушы 153 жүк автокөліктер жұмылдырылған. Науқанға тартылған барлық техника қажетті жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етілген.

Ендігі міндет – егін орағы науқанын лайықты атқару. Бұл үшін ауданда барлық қажетті техника күші жұмылдырылған.

Мамандар астықты қабылдау бағасының әлі белгіленбегенін айтады. Бірақ оған диқан қауымы алаңдатып отырған жоқ. Өйткені сапалы астыққа қашанда сұраныс жоғары болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов