Ұ.Сәдібеков: адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Zakon.kz
Баяндамашыларды тыңдаған Ұ.Сәдібеков адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталатынын айтып, бірқатар мәселер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қомиссияның отырысы өтті. Жиынға облыстық комиссия мүшелері, облыстық прокуратура, Әділет департаменті мен ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде әлеуметтік жетімдікті және кәмелетке толмағандардың құқығын қорға және олардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалардың жазғы демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізуі мақсатында лагерлермен қамтылуы туралы 3 мәселе қаралды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжілісте облыстық білім басқарма басшысының міндетін атқарушы Е.Бұрханов, облыстық жұмыспен қамтуды ұйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева, ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Зұлпыхаровтың баяндамалары тыңдалды.

Баяндамашыларды тыңдаған Ұ.Сәдібеков адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталатынын айтып, бірқатар мәселер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Джеки Чан в Казахстане: первые кадры съемок "Доспехов Бога 4: Ультиматум" стартовали в Мангистау

Шерпы отец и сын сотворили легендарное достижение на вершине Эвереста

Наташа Королёва публично обратилась к 88-летней маме Игоря Николаева

Доллар идет к 500 тенге: каким будет курс на новой неделе

"Неделю собирали портрет из 3000 деталей LEGO": Димаш исполнил мечту школьников и сделал им подарок