ОҚО-дағы «қазына» би ансамблі халықаралық фестивальден жүлделі оралды

Zakon.kz
София қаласында өткен халықаралық «Витоша» халық билері фестиваліне еліміздің атынан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі жүлделі ІІ орынды иеленді.

Оңтүстіктің өнерпаздары тағы да үздіктер қатарында. Бұл жолы бишілеріміз өңіріміздің мерейін асқақтатып отыр. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тарқатып айтсақ, осы жылдың 23-25 шілде аралығында Болгария Республикасының астанасы София қаласында өткен халықаралық «Витоша» халық билері фестиваліне еліміздің атынан қатысқан халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Қазына» би ансамблі жүлделі ІІ орынды иеленді. 11 мемлекет қатысқан би фестивалінде І орынды Корея, ІІІ орынды Колумбия мемлекеттері алған.

Сонымен қатар, «Қазына» би ансамблі «Тұмар» фольклорлық ансамблімен бірігіп, тамыз айының 4-6 аралығында Аустрия Республикасының Клагенфурт және Филлах қалаларында өтетін «Villacherkirchtag» фольклорлық фестивалінде өнер көрсетеді. Осылайша, талантты ұжым өзінің өнерімен жергілікті халықтың ғана емес, сондай-ақ, алыс-жақын шетелдердегі азаматтардың таңдайын қақтырып жүр. Мың бұралған бишілер ұлттық би мен қатар түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық билерін де тамаша билейді.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Мокрый снег и ночные заморозки до -6°С обрушатся на Алматы, а что ждет Астану и Шымкент – прогноз на три дня

Полицейских стянули в три региона Казахстана: в МВД назвали причину и выступили с заявлением

Двоих алматинцев посадили на 10 лет после применения "правильного" закона

Рубль растет, а доллар падает на торгах 22 октября

Очевидцы сообщили о взрыве в элитном ЖК Алматы