Қарағанды облысында шомылу маусымы басталғалы 18 адам суға кеткен

Zakon.kz
Суда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 18 адам батса, оның ішінде 10 бала болған. Құтқарушылардың уақтылы қабылдаған шараларының арқасында 26 адам құтқарылды.

Қарағанды облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері, Жезқазған қаласының ТЖ басқармасы, Ішкі істер бөлімі мен Жедел құтқару жасағы бірлесе отырып Кеңгір су қоймасына рейд жүргізді, деп жазады 24.kz арнасы.

Кеңгір су қоймасының жағалауында 4 демалыс орны мен 1 арнайы жағажай және 1 балаларды сауықтыру лагері бар. Рейд жүргізу барысында демалушылармен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, судағы қауіпсіздік ережелері бойынша жаднамалар таратылды.

Суда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 18 адам батса, оның ішінде 10 бала болған. Құтқарушылардың уақтылы қабылдаған шараларының арқасында 26 адам құтқарылды. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері 1074 акваторияға бақылау орнатып, 616 рейд өткізіліп, 6723 жаднама таратылды. 217 ескерту белгілері орнатылды. Су айдындарында балаларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында балалаларға арналған арнайы 14 орын дайындалды, 318 балаға жүзу үйретілді, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Фото: ngs24.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов