«Ертіс» хоккей клубы жуырда құрылған «Алматы» ойыншыларынан жеңіліп қалды

Zakon.kz
Хоккейден Қазақстан Кубогының төртінші ойын күнінде павлодарлықтар оңтүстік астананың ойыншыларын қабылдады.

«Ертіс» хоккей клубы «Алматы» ойыншыларынан жеңіліп, финалға мерзімінен бұрын берілетін жолдамадан айырылып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Хоккейден Қазақстан Кубогының төртінші ойын күнінде павлодарлықтар оңтүстік астананың ойыншыларын қабылдады. «Алматы» командасы ойынның бесінші минутында есеп ашты. Павлодарлық Андрей Спиридонов есепті тенестіріп, есеп 1:1 болды. Айта кетерлігі павлодарлықтардың бірқатар шабуылына алматылық қақпашы Рустем Смаков төтеп бере алды. Өкінішке орай келесі үш голды біздің қақпаға Мисхабов, Ловягин және Орлов жіберді. Осылайша «Ертістің» қарсыластары алға шықты. Кейін павлодарлықтардың тарапынан Алексей Репкин есепті 2:4-ке дейін жеткізді.

- Барлығына белгілі, Кубоктың алдында біздің команда шашырап кетті. Себебі, демеушілердің қаражаты мен облыстық бюджеттен бөлінетін ақша «Қайрат» футбол командасына берілетін болды. Осы хабарды естіп, тобымыздан ойыншылар кете бастады. Бірақ, 10-15 күн қалғанда шенеуніктер жаңа демеушілерді табуға уәде беріп, мен жаңа команда құра бастадым, - деді «Алматы» ХК-ның бас бапкері Александр Трофимов. Алда тағы бір ойын бар. 25 тамыз күні павлодарлықтар «Астана» мұз сарайында ел чемпионы «Бейбарысты» қабылдайтын болады.

Фариза Қазыбекқызы

Фото: Рavlodarnews.kz

Павлодарская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты