Жарылыс қаупі төнгендіктен Рудныйдағы көп қабатты үй тұрғындары көшірілді

Zakon.kz
Үйді қоршауға алғандықтан, бүгін түнде 108 пәтерлі үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіре алмады.

Кеше кешкі уақытта Рудный қаласы Ленин көшесі №70 үй мекенжайында орналасқан 9 қабатты үй тұрғындары шұғыл түрде көшірілді, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Оған себеп, арнайы қызметтің айтуынша, бомба жарылу қаупі болған.

Үйді қоршауға алғандықтан, бүгін түнде 108 пәтерлі үйдің тұрғындары өз пәтерлеріне кіре алмады. Оқиға орнында саперлер мен кинологтар жұмыс істеді. ҰҚК, полиция, ТЖД, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі қажетті қызметтің барлығы оқиға орнынан табылды.

«Хорошее дело» жергілікті газетінің хабарлауынша, Рудный әкімінің орынбасары Елена Скаредина үйді қоршаудың тек 6 қыркүйекте шешілетінін мәлімдеді. Көшірілген тұрғындарды Рудныйдың төрт мектебіне, «Мерей» орталығы мен қонақ үйлерге орналастырды.

Көшірілген тұрғындар құқық қорғау органдарының әрекеттеріне түсіністікпен қарады.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов