Таразда робототехника оқу-зертханалары ашылды

Zakon.kz
Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық базалары бар.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында робототехника оқу-зертханалары ашылды. «Робототехника», «Мектептегі робототехника» дәрісханалары 50 дана Lego, Tetrix және Аrduino роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған, деп хабарлайды zakon.kz, ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме беріп.

Институттың Физика-математика факультетінде студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Информатика және есептеу техникасы», «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» және «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедраларында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді.



Сонымен қатар, факультеттің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар.



Marwin брендімен жеткізілетін робот жасауға арналған жиынтықтар арқылы студенттер теория мен тәжірибені ұштастыра алады. Сондай-ақ, заманауи құралды терең меңгере түседі.



Фото: ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі

Фоторепортажи

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов