Павлодарда республикалық турнирде 50-ге жуық палуан бақ сынасты

Zakon.kz
Жеңімаздарға Павлодар қаласы әкімдігі мен қала мешіттерінің атынан ақшалай және заттай бағалы сыйлықтар, діни кітаптар үлестірілді.
Павлодар қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай жасөспірімдер арасында қазақ күресінен республикалық турнир өтті. Жарысқа облысымыздың 7 ауданынан және еліміздің 3 облысынан барлығы 50-ге жуық палуан қатысты деп хабарлайды, pavlodarnews.kz.

Жарыс төрешілерінің бірі Бауыржан Тұрсынханбетовтің айтуынша, Құрбан айт мерекесінің құрметіне қазақ күресі биыл алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр.

- Палуандар бес салмақ бойынша белдесті. Турнир қорытындысына келер болсақ, ең кіші 35 және 40 келі салмақ бойынша екібастұздық Мұхаммед Сембай мен Даниял Сағындықов, 46 келі салмақ дәреджесінде Лебяжі ауданының палуаны Қуанышбек Қалым, 57 келі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстаннан келген Шалқар Төлеуғалиев жеңіске жетті. Ал ең ауыр 60 келіден жоғары белдескен палуандар арасында Железин уданының үміткері Азиз Изимов қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына шықты. Жеңімаздарға Павлодар қаласы әкімдігі мен қала мешіттерінің атынан ақшалай және заттай бағалы сыйлықтар, діни кітаптар үлестірілді, - деді Бауыржан Тұрсынханбетов.

Тілеуберді Сахаба

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

С пятиэтажный дом: одну из самых огромных змей в истории Земли нашли в Индии

Пугающее явление зафиксировали в Антарктиде

Молодежь СКО убрала памятник Анастасии Прокофичевой в рамках акции "Чистый памятник – чистая память"

Заморозки, дождь и град: в каких регионах Казахстана объявили штормовое предупреждение

МВД сделало срочное обращение к водителям из-за массовых нарушений ПДД