Балқаш қаласының мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты

Zakon.kz
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Қарағанды облысы Балқаш қаласында «Қазақмыс Смелтинг» ЖШС -дағы жұмысшы жоғарыдан құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА, компанияның баспасөз қызметінен түскен хабарламаға сілтеме жасап жазады.

Қайғылы оқиға 11 қыркүйекте орын алды. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Балқаш мыс қорыту зауытының цехтарының біріндегі шатырдағы жұмыстар кезінде «МБМ Құрылыс» ЖШС мердігер ұйымының 34 жастағы жұмысшысы 15 метр биіктіктен құлады.

«Жұмысшы алынған жарақат салдарынан ажал құшты. Жапа шегуші Балқаш қалалық көпсалалы ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Фото: www.inform.kz


Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

Трое юных спортсменов погибли в ДТП по пути на соревнования в Туркестанской области

В Африке зафиксировали критический этап разлома континента

Гигантская находка в Египте озадачила местных ученых