Семейдегі көпірден секіріп кеткен ер адамның кім екендігі анықталды

Zakon.kz
Жігіт Шығыс саяжайлық аумағында тұрған. Уақытша жұмыс істемеген.
Семей қаласының полициясы көпірден секіріп кеткен ер адамның аты-жөні мен жасын анықтады. Ол - 31 жастағы Ерғазы Б, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің өлімін анықтап, мәйітханаға жеткізді. Мәйітханаға жігіттің әке-шешесі келіп, өз ұлдарын таныды, деді қалалық ІІБ баспасөз хатшысы.

Жігіт Шығыс саяжайлық аумағында тұрған. Уақытша жұмыс істемеген. Психилогиялық жағынан сау, еш жерде есепте тұрмаған. Жаңа аспалы көпірден секіріп кету себебін полиция анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, таяуда әлеуметтік желіде жас жігіттің қаза тапқаны туралы видео пайда болды. Жедел жәрдем дәрігерлері жаяу жүргіншілер жолында көлік қаққан адам туралы ақпарат келіп түскенін айтты. Оқиға орнына келген олар жас жігіттің бақилық болғанын анықтаған.

Фото: newsoboz.org

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч