Т.Дүйсенова: Ауыл тұрғындары үшін шағын несие мөлшері 6 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды

Zakon.kz
Министрдің мәліметінше, ағымдағы жылы азаматтарға несие түрінде ұсынылған қаражат көлемі өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен үш есеге өсіп, 30,8 млрд теңгені құрады.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша микронесиелеу көлемі ұлғайды. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлады, деп жазады zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Министрдің мәліметінше, ағымдағы жылы азаматтарға несие түрінде ұсынылған қаражат көлемі өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда шамамен үш есеге өсіп, 30,8 млрд теңгені құрады.

«Ағымдағы жылы адамдар алдыңғы жылға қарағанда несиенің үлкен көлемін алуы үшін схемаларды өзгерттік», - деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

Өзгерістерге сәйкес, енді шағын кәсіпкерлікті ынталандыруға бір шағын несиенің мөлшері, оның ішінде ауылдық жерлерде 3-тен 6 млн теңгеге дейін өсті. Сәйкесінше, бөлінген қаражаттың жалпы көлемі де ұлғайды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге 30 млрд теңгенің 10 млрд-ы дәл осы жобаға бөлінген. Онда шағын несие алған әр азамат, сол несиемен немесе өз капиталымен ауыл шаруашылығы кооперациясына кіріп, оның қатысушысы бола алады», - деп түсіндірді Т.Дүйсенова.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің болжамынша, жалпы ағымдағы жылы несиелеу көлемінің ұлғаюын ескергенде 9 мыңнан астам адам несие алады.

Фото: 365info.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Какой цвет сделает осенний образ дороже – совет стилиста

"Каток свой, отец – лучший, но не его": в Сети разнесли дебют Плющенко-младшего за Азербайджан

Шестой за неделю пассажир пожаловался на кражу на борту рейса в ОАЭ

Пользователи ChatGPT, Claude, Grok и Gemini подали коллективный иск против разработчиков

Касым-Жомарт Токаев направил телеграмму президенту России