Т.Дүйсенова өңірлерде медициналық сақтандыруды түсіндіру бойынша қорытынды семинар өткізді

Zakon.kz
Селекторлық тәртіпте ҚР ДСӘДМ басшысы Тамара Дүйсенова Жамбыл, Ақмола облыстарының, Астана және Алматы қалаларының өкілдерінің сұрақтарына толыққанды түсініктеме берді.
Т. Дүйсенова мемлекеттің құрамына 17 миллион қазақстандықты вакциналау, әлеуметтік маңызы бар ауруларға көрсетілетін медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек қызметтері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі пакетінің аясында медициналық қызметтермен қамтамасыз ету бойынша қаржыландырудың бүгінгі таңдағы бар көлемін сақтап қалатынын атап айтты. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, сақтандыру медицинасы жүзеге асырылған жағдайда мемлекет Медициналық сақтандыру қорына халықтың әлеуметтік тұрғыдағы осал тобының 10,1 млн азаматы үшін жарнаны төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.

Сондай-ақ, министр МӘМС жүйесіне қатысуға барша азаматтар қызығушылық танытуы керектігін айтты. МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмектің көлемі ӘМСҚ-ға төленетін жарна көлеміне тәуелді емес. Ең бастысы, жарна жүйелі түрде төленіп тұруы тиіс.

Т. Дүйсенова МӘМС жүйесіне жұмыс берушілердің қатысуы жайында айта келіп, Медициналық сақтандыру қорының жарналары корпоративтік табыс салығын (КТС-ті) есептеу кезінде шегерілетінін, ал кәсіпорындардың қызметкерлері ауырып қалған жағдайдағы шығыны Медициналық сақтандыру қорына төленетін аударым көлемінен артық болуы мүмкін екенін еске салды.

Т. Дүйсенова Жамбыл облысы аймақтық штаб өкілдерінің МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру тетіктері жайында сұрақтарына жауап бере отырып, әрбір медициналық ұйымның өз қызметкерлерінің еңбекақысын олардың біліктілігіне, жүктемесі мен көрсететін қызметтерінің сапасына қарай өзі реттей алатындығын хабарлады.

Министрдің айтуынша, аталған тетік жеке медициналық ұйымдарда қолданылады. Бұл білікті мамандардың еңбегін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

МӘМС-ті енгізу барысында барлық медициналық ұйымдар жоғары санатты мамандарды шақыруға қызығушылық танытатын болады. Себебі, медициналық көмек көрсетудің сапасы – Медициналық сақтандыру қорының медициналық ұйымдардың қызметіне ақы төлеуі барысында басты критерий болмақ.

Сондай-ақ, министр МӘМС жүйесінде пациенттердің бейресми төлемдері өзекті болмайтынын, себебі, сақтандырылған азаматтарға медициналық сақтандыру аясында барлық қызметтердің пакеті кепілдендірілетінін атап айтты.

Фото: primeminister.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Град, дожди и пыльные бури: в каких регионах Казахстана ухудшится погода

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Любовь и счастье войдут в жизнь трех знаков зодиака