Жыл соңына дейін 2 мың адам жұмыспен қамтылады

Zakon.kz
Еліміз бойынша 700 мыңнан астам адамның тұрақты жұмысы жоқ. Сол себепті халық арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау белсенді жүргізілуде.
Жыл соңына дейін 2 мың адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Оның айтуынша, еліміз бойынша 700 мыңнан астам адамның тұрақты жұмысы жоқ. Сол себепті халық арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттау белсенді жүргізілуде. «Еңбек жолы», WorldSkills Kazakhstan cынды байқаулар соның дәлелі. Ал биылғы атқарылған жұмыстың нәтижелері жайлы «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай» атты форумда толық таныстырлымақ.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:

- Мамыр-сәуір айларынан бастап біз жастарға, оқушыларға арналған шаралар өткіздік. Ертеңгі форум – соның қорытындысы. Біз «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын марапаттаймыз және де біздің еліміздегі еңбек саласындағы үлкен нәтижеге жеткен еңбек ардагері медаліне сәйкес ие болған азаматтарды марапаттау өтеді.

Фото: azh.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 26 июля

Опять +45: в какие области вернется изнуряющая жара, рассказали синоптики

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов

Культовый показ Gucci и главный цветовой дуэт лета-2026: чем вдохновил стилист