ОҚО-да «оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» тақырыбында аймақтық конференция өтті

Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» атты аймақтық конференция өтті.
Ономастика саласындағы өзекті мәселелерді кеңінен талқылап, оның шешу жолдары мен әдістерін айқындау және жергілікті жерлердегі мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткен конференцияға облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшылығы және қызметкерлері мен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Конференцияның бағдарламасына сәйкес, оның жұмысы Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қ. Ағабековтің қатысушыларға арналған сөзімен ашылды. Әрі қарай, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар, оның даму көкжиектері, саладағы өзекті мәселелер, ономастикалық қызметтің ғылыми негіздемесі, атқаралып жатқан жұмыстардың заңнамалық және әдістемелік негізі жөнінде баяндамалар оқылды.

Жиын барысында Шымкент қаласы тілдерді оқыту орталығының ұстазы Г.Рүстемова «Тіл әлемі» порталы мен «Атау.кз» «Емле.кз» «Терминком.кз» ақпараттың сайттарының таныстырылымын жасады.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана