Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына күн батареясынан қуат алатын шамдар орнатады

Zakon.kz
Бөлім басшысының айтуынша, көше шамдарын орнату үшін жарық орнатылмаған учаскелер таңдалды.
Ақтауда жылдың аяғына дейін жаяу жүргіншілер жолында күн батареясымен жұмыс істейтін шамдар орнатуды жоспарлауда. Қараңғы көшелерді жарықтандыруға уәде беруде. Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жетібай Құбашев айтты, деп жазады ҚазАқпарат Лада.кз жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақтауда 15 жаяу жүргінші жолында қосымша көше шамдары пайда болады. Жобаның жаңалығы, шам күн энергиясымен жұмыс істейтін болады.

«15 автомобиль жолдарында жүргіншілерге арналған жолаққа жарықтандыру кешенін орнату жұмыстары жүргізілуде. Шамдар түнгі уақытта іске қосылады, олар энергияны күн сәулесінен алады. Бұл жұмысқа 18,8 миллион теңге бөлінді, жұмыстар басталды, оны «Әсет және А» ЖШС компаниясы жүргізеді», - деді Жетібай Құбашев.

Бөлім басшысының айтуынша, көше шамдарын орнату үшін жарық орнатылмаған учаскелер таңдалды.

«Жарық жетіспейтін аудандарға орнатылады. Орталық көшеде тергеу абақтысының маңы қараңғы. Кешкі уақыттарда жол нашар көрінеді», - деп атап өтті ол.

Шенеуніктің айтуынша, шам орнату жұмыстары жылдың аяғында аяқталып қалады.

Фото: www.metod-kopilka.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Казахстанец лишился головы на шиномонтажке

Самый длинный круиз в мире за 34 млн тенге: сколько дней уйдет на путешествие вокруг планеты

Выше, чем в Астане: выяснилось, где построят самый высокий небоскреб Центральной Азии

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана