Павлодарда төрт тұрғынға пышақпен шабуыл жасаған полиция қызметкері сотталды

Zakon.kz
Істің материалдарына сәйкес, осыдан бір жыл бұрын полиция қызметкерлері таңғы сағат 5.00-де «Арай» сауда үйіне қарай барып, еш себепсіз екі ер адам мен екі әйелді соққыға жыққан.
Павлодар қаласының №2 соты төрт адамға сақа және пышақпен шабуыл жасаған бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Істің материалдарына сәйкес, осыдан бір жыл бұрын полиция қызметкерлері таңғы сағат 5.00-де «Арай» сауда үйіне қарай барып, еш себепсіз екі ер адам мен екі әйелді соққыға жыққан. Төбелес кезінде бір полиция қызметкері ер адамды сақамен ұрып, екіншісі оған төрт рет пышақ салған. Мемлекеттік айыптаушы Әлия Оспанова полиция қызметкерлерін атақтан айырып, жалпы режимдегі түзету колониясында жазаларын тартуды сұрады.

- Павлодар қаласының №2 соты айыпкерлерді кінәлі деп таныды. Олар алдын-ала келісіп, адамдарға пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына зақым келтіріп, бұзақылығы үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, полиция аға сержанты және полиция сержанты атақтарынан айырылды, - деді қалалық прокуратурады.

Фото: Mediasat

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября