4-қабаттан құлаған Қостанай тұрғыны көз жұмды

Zakon.kz
Оқиға 28 қазан күні Қостанайдағы Ворошилов көшесінде орналасқан үйде болған.
4-қабаттан құлаған Қостанай тұрғыны көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 28 қазан күні Қостанайдағы Ворошилов көшесінде орналасқан үйде болған. Ақпаратты Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі растады.

Облыстық мекеменің мәліметтері бойынша, 56 жастағы әйел өзін-өзі өлтіруге бел буған, деп жазды alau.kz.

«Бұл оқиға шамамен 15:00-де болды. Әйел 4-қабаттан секіріп кетті. Ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ол суицид жасады», - деп хабарлады Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Бас дәрігер Самат Шүменбаевтың айтуынша, әйелдің аяқ-қолы сынған, бас миына зақым келген, травматикалық шок алған және іші жараланған.

«Әйел жан сақтау бөліміне жеткізілді, бірақ көп ұзамай көз жұмды», - деді аурухананың бас дәрігері.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

В Китае рухнули продажи автомобилей

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Жуткая авария под Талгаром привела к трагедии: автомобили разлетелись после мощного удара