Екінші дүниежүзілік соғыстағы әскери тұтқындарға Германия өтемақы төлейді

Zakon.kz
Қазіргі уақытта бұрынғы әскери тұтқындардың бірнешеуі 2500 еуродан алды. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің тұтқынында болған қазақстандық ардагерлер Германиядан өтемақыны ала бастады, — деп хабарлайды Егемен Қазақстан газеті Хабар 24 арнасы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта бұрынғы әскери тұтқындардың бірнешеуі 2500 еуродан алды. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.

«Шамамен алты бұрынғы әскери ақшалай өтемақы алды. Олардың ішінде соғыс ардагері де болды. Өкінішіке қарай, аударылған қаржылай өтемақы есепшотқа ардагер қайтыс болған күні бірақ түскен», — деді ҚР Президентінің мұрағаттар директоры Борис Джапаров.

Еске сала кетейік, Германия үкіметіндегілер өтемақыны төлеу туралы шешімді былтыр қабылдаған болатын. Өтемақыны алуға Қазақстаннан 11 адам өтініш қалдырған екен. Ал жалпы немістердің тұтқынында шамамен 200 мың қазақстандық болған.

«Әкемнің жасы 97-де. Аударылған барлық қаражатты біз оның ем алуына, өмір сүруіне, тамақтануына жұмсаймыз», — деді ҰОС ардагерінің ұлы Мұхит Адасов.

Фото: www.elarna.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана