Қостанайда 50-ге жуық тұрғын үй жылусыз қалды

Zakon.kz
Жедел жөндеу бригадасы түнгі 3-те үшінші жылу торабындағы жарылысты байқаған.
Таңертең Қостанайдағы коммуналды апат салдарынан қаланың орталық бөлігіндегі 44 көпқабатты үй ыстық су мен жылу беру жүйесінен ағытылды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Қала билігі Қостанай әкімінің сайтында жағдайға қатысты түсініктеме берді. Жедел жөндеу бригадасы түнгі 3-те үшінші жылу торабындағы жарылысты байқаған. Жағдай өте ауыр деп бағаланып, тұрғын алабын орталықтан ажыратпай жөндеу жүргізу мүмкін болмады.

Жылу кәсіпорнының өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Нұрлан Көшековтің айтуынша, тұрғындар 18 сағатқа дейін жылусыз, сусыз отыруы мүмкін. Және ол қызметтен ажыраған нақты көшелерді (Әл-Фараби даңғылы-Дощанов көшесі және Урицкий, Перроная көшелері) де айтып берді.

Фото: Today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

День, когда Байконур замирает: почему 24 октября не запускают ракеты

Тренер "Бернли" объяснил, почему Дастан Сатпаев не играет весь матч