Павлодарлық құтқарушылар мұздың үстінде жүрген бес баланы құтқарып қалды

Zakon.kz
Жеткіншектердің барлығы құтқарылды. Десе де, ата-аналары оларды қараусыз қалдырғаны дұрыс емес.
Павлодарлық құтқарушылар Усолка шағын ауданында жұқа мұздың үстінде жүрген бес баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6-қараша күні сағат 14.30-да өзеннің жағасын тексеру барысында жағадан 300 метр қашықтықта екі баланың жүргені анықталған. Сонымен қатар, сағат 16.00-де мұздың үстінде жүрген тағы да үш бала құтқарылған. Балалардың ең кішісі - алты жаста. Барлық балалар құтқару станциясына жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кейін барлығы ата-анасының қолына тапсырылды.

- Жеткіншектердің барлығы құтқарылды. Десе де, ата-аналары оларды қараусыз қалдырғаны дұрыс емес. Себебі, қазіргі уақытта мұздың қалындығы - 3 см ғана. Кез келген уақытта мұздың жарылып кетуі мүмкін еді. ТЖД ересектерден балаларды далаға жалғыз жібермеуді сұрайды, - дейді баспасөз қызметінде.

Фото: Рavlodarnews.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов