Оралда гамбургерден уланған 19 науқас ауруханаға түсті

Zakon.kz
Шағымдары қызудың көтерілуі, құсу, іштің бүріп ауруы, нәжістің сұйық болуы.
Оралда тамақтан уланған 19 адам жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Төртеуі бала, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлнәр Нәжімованың айтуынша, олардың барлығына да өткір ішек инфекциясы деген диагноз қойылып отыр.

Шағымдары қызудың көтерілуі, құсу, іштің бүріп ауруы, нәжістің сұйық болуы. Науқастардың бәрі 6-ықшамаудандағы «Бургер стрит» деген дәмханадан тез дайындалатын гамбургер, чизбургер секілді тағамдарды сатып алған. Олардың арасындағы 8 жасар қыздың жағдайы ауыр, ал қалғандары орташа. «Қазір оларға тиісті ем-дом шараларын жасап жатырмыз», - дейді дәрігерлер.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Фото: www.burgermeister.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру

Опубликовано штормовое предупреждение на 20 сентября

"Я вас всех порешаю": буйного водителя и пассажира эффектно задержали в Алматы

Мощный приток денег и энергии: кого ждет резкий поворот судьбы в ближайшие дни

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 20 сентября