Ғұламалар кеңесі: ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі қабылданды

Zakon.kz
Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт.
Бүгін Алматыда өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің мәжілісінде ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі талқыланып, бір ауыздан бекітілді, деп жазады zakon.kz ҚМДБ баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ереже мәтінімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов және Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев таныстырды.
Ережеде мешітке келушінің негізгі құқықтары, мешітте жасауға тыйым салынған әрекеттер, мешітке келушінің міндеттері жеке бөлім ретінде қамтылған. Сонымен бірге, ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі дін қызметкерлері мен мешітке келушілерге байланысты басқа да мәселелерді қадағалайды.

«Осы ереже Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерінің ішкі тәртіп ережелерін анықтайтын негізгі нормативті акт. Ереже Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа да заңнамаларының нормаларына, инструктивті құжаттарына және еңбекті ұйымдастыру саласындағы нормативтік актілерге, сонымен қатар ҚМДБ Жарғысына сәйкес дайындалды. Мешітке келуші әр адамның негізгі құқықтары мен міндеттерін анықтауды, діни сенім бостандығы құқығын қорғауды, сондай-ақ діни қызметке байланысты басқа да мәселелерді реттеуді, халықтың мәдениеті мен рухани өмірін дамытуда ханафи мазхабының тарихи рөлін мойындауды, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеуді негізге алады», – делінген ережеде.

Фото: old.muftyat.kz
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 24 августа

Наставник "Бернли" пожаловался после дебютного матча Сатпаева

Фонд "Социс-А" объявил результаты экзитпола на выборах в Курултай

Кори Гауфф во второй раз в карьере выиграла "тысячник" в Цинциннати

Пожар в Алматы: людей эвакуировали, медики помогали пострадавшим