Қарағанды облысында жолда қалған 81 адам эвакуацияланды

Бұқар жырау ауданының «Қарағанды-Теміртау-Чкалов-Березняки» жолының 19 шақырымында істен шыққан ВАЗ жеңіл көлігінен 1 адам Теміртау қаласына эвакуацияланды.
Боран, жолдың көрінбеуі, қардың қалың жаууына байланысты Қарағанды облысының барлық бағытында жол қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері ТЖД құтқару бөлімшелерінің жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары барысында қар құрсауынан 81 адам эвакуацияланып, 6 техника шығарылды. Құтқару операцияларына 6 техника мен жеке құрамның 15 қызметкері жұмылдырылды. Шет ауданының «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 904 шақырымында «Астана-Сарыағаш» бағытында шыққан «Мерседес» автокөлігі техникалық ақауына байланысты тоқтап қалған. Құтқарушылардың күшімен Ақсу-Аюлы кентіне 59 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Бұқар жырау ауданының Баймырза ауылынан 10 шақырым қашықтықта құтқарушылар күшімен істен шыққан КамАЗ жүк көлігінен 2 адам Теміртау қаласына жеткізілді.

Бұқар жырау ауданының «Қарағанды-Теміртау-Чкалов-Березняки» жолының 19 шақырымында істен шыққан ВАЗ жеңіл көлігінен 1 адам Теміртау қаласына эвакуацияланды. Тағы бір жағдай Бұқар жырау ауданының «Алматы-Екатеринбо» тас жолының 1 074 шықырымында істен шыққан «Scania» автокөлігінен 1 адам жол бойындағы кемпингке эвакуацияланды. Осылай, Шет ауданының 926 шақырымында «Алматы-Екатеринбор» тас жолында құтқарушылар істен шыққан MAN автокөлігінен 2 адам Ақсу ауылына эвакуациялады. Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінен 35 шақырымында «Шымкент-Астана» бағытында жолға шыққан «Мерседес» жолаушылар автобусы тоқтап қалды. Құтқарушылардың күшімен Ақсу-Аюлы кентіне 16 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар ауа-райының бұзылуы жағдайында уақытша алыс жерлерге шығуды шектеуді, сонымен қатар автокөліктің техникалық жарамдылығын тексеру, дауылды ескертулер мен ауа-райын қарап отыруға ескертеді.

Фото: www.caravan.kz

Актау Актобе Алматы Карагандинская область Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: