600-ден астам адам Қазақстан азаматтығын алады

Zakon.kz
ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген түрлі ұлттың 622 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.
Бүгін Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп жазады egemen.kz.

Отырыста ел азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Шара барысында Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның азаматы болуға талпынушы адамдардың саны артып келе жатқанын мәлімдеді.

«Біз Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қарсы алуға өте қуаныштымыз. Оларға бақытты өмір және Отанының игілігі үшін табысты жұмыс тілейміз. Егемен Қазақстанның лайықты азаматы бола отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлестерін қосатындығына сенемін», — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚР Президенті тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін жақын және алыс шетелдерден келген түрлі ұлттың 622 өкілі Қазақстан азаматы атанатын болады.

Сонымен қатар, отырыс барысында Ішкі істер министрлігінің Қазақстан азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдау және азаматтықтан айыру мәселелері бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды. Қорытындысында тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.

Фото: today.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября