Оңтүстікте жас ақындар айтысы өтті

Zakon.kz
Оңтүстік Қазақстан облысында «Елбасы - елдің тірегі!» атты оқушылар арасында облыстық айтыс өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1- желтоқсан тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған додада әр ауданнан келген 10 жас ақын бақтарын сынады. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Айтыста қара сөздің майын ішкен азулы ақындарымыз Әселхан Қалыбекова мен Анар Жаппарқұловалар қазылық етті. Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шарада жас ақындар «Тәуелсіздік» пен «Елбасы» тақырыбын жырға қосты.

Ақындардың сөз саптауы мен мақамына қарай бағалаған қазылар алқасының төрағасы Ә.Қалыбекова білім саласындағы жетістіктер мен өнерлі оқушылардың басқарма тарапынан қолдау тапқаны үшін алғысын бідірді.

Аламан бәйге нәтижесі бойынша, бас жүлдені отырарлық Мұхит Бабақұлға алса, I орынды Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің оқушысы Дастан Орынбай жеңіп алды. Ал жүлделі II орынды осы мектептің оқушысы Базарбек Бекжанға бұйырса, III орынды түркістандық Бақдәулет Қожанов пен Арыстан Мағжан өзара бөлісті. Сонымен қатар, төлебилік Ахай Ұлықбек болашағынан үлкен үміт күттіретінін ақын екенін көрсетті.

Дүбірлі айтыста ақындарамыз Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендерді желпіндіріп отырды.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана