Таразда Тәуелсіздік тойына арналған мүшәйра өтті

Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шараға аталған оқу орнының 200 студенті қатысты.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік кепілі». Осындай атаумен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында жас ақындар арасындағы жыр мүшәйрасы өтті, деп хабарлайды zakon.kz ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шараға аталған оқу орнының 200 студенті қатысты.

Әдеби байқау екі кезең бойынша жүргізілді. Алғашқы кезеңде жүректерінен жыр тербеген жас ақындар Тәуелсіздік тақырыбына арнап шығарған өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде қазақ ақындарының бірінің егемендікке арнаған өлеңін оқып сынға түсті.

«Мүшәйра тақырыбы тәуелсіздікті, Астананы жырға қосуға бағытталды. Ел тарихындағы жарқын сәттерде жырға арқау ету. Осы арқылы жастарды отансүйгіштік пен патриоттыққа тәрбиелеу керекпіз», – дейді шара ұйымдастыршылары.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Ақәділ Аспетов, Ғалия Раушанбек, Наргиз Назамбай, Ернұр Бейсенов, Өмірбек Еркебай және Нұрила Искакова сынды студенттердің өлеңдері үздік деп танылып, жүлдегер атанды.

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану