Астанаға қазақстандық ғарышкердің ғарыш сапарының жәдігерлері жеткізілді

Zakon.kz
Аппарат пен Айымбетовтің скафандрының макеттері Ұлттық ғарыш орталығында сақтаулы.
Елордада салынатын қазақстандық ғарыш тарихы мұражайы үшін бірегей экспонаттар жеткізілді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Мәскеу маңындағы Королев қаласынан арнайы автофургонмен жерге қонатын аппараттың макеті және қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің скафандр макеті әкелінді, деп хабарлады агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-дан.

«Макеттер А. Айымбетовтің ұшырылымы кезінде пайдаланылған, алайда тек экспонаттау үшін дайындалған скафандр мен кәдімгі жерге қонатын аппаратты қамтиды. Осылайша, Роскосмос ғарышкер А.Айымбетовтің ХҒС-қа ұшуы туралы келісімшарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауды аяқтайды», - деп атап өтті Қазақстандағы Роскосмос өкілі Анатолий Красников.

«Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшырылымы туралы келісімшартты толық аяқтау үшін ресей тарапынан ғарышта жүргізілген ғылыми-техникалық эксперименттер туралы бекітілген есепті күтіп отырмыз», - деді Қазғарыш басқармасының бастығы Гүлжан Смайылова.

Аппарат пен Айымбетовтің скафандрының макеттері Ұлттық ғарыш орталығында сақтаулы, ол алдағы уақытта салынатын қазақстандық және әлемдік ғарышкерлік тарихы мұражайына қойылады.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Соболенко чуть не проиграла шестой ракетке мира в четвертьфинале US Open-2026

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

В Китае рухнули продажи автомобилей

На Земле группируется новый суперконтинент, который может уничтожить людей

Жуткая авария под Талгаром привела к трагедии: автомобили разлетелись после мощного удара