«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Түлкібас станциясына аялдады

Zakon.kz
Тағылымы мол игі шарада аудан жастары «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы, аудан өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Оңтүстіктің шығыс қақпасы саналатын Түлкібас станциясына аялдады.

Құрамында министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, заңгерлер, медицина қызметкерлері бар пойызды облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков бастаған аудан халқы ерекше ықыласпен қарсы алды.

Онда штаб жетекшісі жергілікті тұрғындарға сапардың мақсатын түсіндіріп, жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.

Республикалық акцияда аудан бойынша медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және т.б салалар бойынша қоғамдық қабылдаулар өткізіп, барлығы 120 адамға кеңес берілді.

Поезд делегаттарының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жылдың белестері» атты дәріс өтті. Сонымен қатар, эномәдени орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен кездесулер өткізіліп, онда тәуелсіздік жетістіктері жайы айтылды.

Акция барысында халықаралық «Батыс Европа-Батыс Қытай» күре жол бойына қойылған қоғам және мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың ескерткішіне делегаттардың қатысуымен гүл шоқтарын қою рәсімі, Түлкібас аудандық Т.Рысқұлов атындағы тарихи-өлкетану мұражайының жұмысымен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Осы күні Түлкібас поселкелік емханада 147 тұрғын жетекші дәрігерлердің қабылдауында болса, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб жетекшісі бірқатар азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Тағылымы мол игі шарада аудан жастары «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында флэшмобы, аудан өнерпаздарының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Фото: ontustik.gov.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану