Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қала анықталды

Zakon.kz
Ең жайлы қаланы анықтау үшін 13 мыңнан астам анкетаға анализ жасалған.
Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қала ретінде Шымкент қаласы анықталған. Сауалнаманы OLX сервисі жүргізіпті. Бұл туралы stan.kz “Отырар” жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласы 17,2 балл жинады. Екінші орынға – Павлодар (17) тұрақтап, үшінші орынды 16,8 балл жинаған Астана мен Алматы қалалары өзара бөліскен.

Қаланың инфрақұрылымдық дамуы – тұрғылықты жердің таңдау кезіндегі басты фактор. Бұл ретте сауал жүргізушілер басты үш өлшемді негізге алған: дүкеннің жақындығы, демалыс, спорт орындарының болуы және балаларға арналған инфрақұрылым. Қазақстандықтардың пікірі бойынша, ел астанасы бұл ретте бірінші орынға көтеріле алмаған.

Ең жайлы қаланы анықтау үшін 13 мыңнан астам анкетаға анализ жасалған. Сауалнамаға қатысушылар өз қалаларын 1-7 аралығындағы шкала бойынша бағалапты. Осы ретте Шымкент қаласы ең жайлы қала ретінде көп таңдалған.

Ал сауда нүктелерінің көптігі, қолжетімділігі бойынша Қостанай мен Рудный қалалары көш бастапты. Ал балаларға арналған алаңқайлар бойынша Шымкент пен Павлодар қалалары алдыңғы орында. Ал демалыс орындары бойынша тағы да Шымкент және Алматы шаһарлары алғы шепте.

Фото: stan.kz
Туркестанская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

154 этажа: инженеры продемонстрировали, как растет самый высокий жилой небоскреб в мире

Самый популярный вратарь ЧМ-2026 все-таки нашел новое место работы

Дастан Сатпаев получил персональный номер в "Челси"

Без шлема в бетон: смертельное ДТП с участием мотоцикла произошло в ночном Алматы

Август 2026 года принесет засуху в семь регионов Казахстана