Павлодарда төрт жасар балғындар шахматтан сынға түсті

Zakon.kz
Бүлдіршіндердің ойынына № 2 балалар мен жасөспірімдер мектебінің бас төрешісі Шәріп Кәкенов баға берді.
Павлодарда № 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасындағы «Шахмат үйінде» мектеп жасына дейінгі балғындар арасында жедел шахматтан байқау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, жарыс швейцарлық тәсіл бойынша алты кезеңнен ұйымдастырылған. Бір кезеңде екі ойыншының әрбіріне 15 минуттан берілді.

Жылдам ойлауға және тез шешім қабылдауға баулитын байқауға қатысқан 29 баланың арасында ең жасы кіші қатысушылар төрт жастағы Жасмин Текжанова, Әнуар Ахметов және Аңсар Оспанов болды. Бүлдіршіндердің ойынына № 2 балалар мен жасөспірімдер мектебінің бас төрешісі Шәріп Кәкенов баға берді.

Шараның қорытындысы бойынша бірінші орынды Даниель Шорманов пен Жасмин Текжанова, екінші орынды Әлижан Смаилов пен Арина Костенко, үшінші орынды Асанәли Мұрат пен Рамина Садықова ие болды. Оларға арнайы сертификаттар мен медальдар табыс етілді.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Опубликовано штормовое предупреждение на 27 июля

Стилист показал универсальную вещь, которая подойдет к любому летнему образу

До +45°: прогноз жары на 27 июля опубликовал "Казгидромет"

Два тела и две пострадавшие: жесткое столкновение произошло на дороге в Алматы

Мафия использовала кошек как живые факелы для поджога лесов