Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты Ішкі істер министрлігінің лауазымды шендісі ұсталды

Zakon.kz
Мәліметтерге қарағанда, Аханов Ақтөбедегі қара алтын ұрлаған мафияның әрекетіне көз жұмғанымен қоймай, мұнайды өткізуге көмек беріпті.
Ақтөбедегі мұнай ұрлығына қатысты тұтындаулар енді Астанада жалғасып жатыр. Бұл жолы Ішкі істер министрлігінің лауазымды тұлғасының қолына кісен салынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Рахат Аханов тіпті тергеуге алу үшін Ақтөбеге жеткізіліп те қойған. Оған осы аймақта қара алтын ұрлаумен айналысқан топқа қолдау көрсеткен деген айып тағылып отыр.

Рахат Аханов 5 жыл бойы Ақтөбеде облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Жаздағы лаңкестік оқиғадан соң қызметін ауыстырып, Астанаға кеткен еді.

Мәліметтерге қарағанда, Аханов Ақтөбедегі қара алтын ұрлаған мафияның әрекетіне көз жұмғанымен қоймай, мұнайды өткізуге көмек беріпті. Осы қылмыстық топты «Ағайынды төртеудің» серкесі Еркін Ізбасар басқарғанын айта кетейік. Арбаға таңылған ол қазір сыбайластарымен бірге қамауда отыр.

Қылмыстық топ құрамында болған 16 адамның арасында салафиттер мен құқық қорғау органдарының өкілдері бар.

Автор: Жаңалық Ахаш

Фото: www.ktk.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо