Павлодарда белгісіз біреулер қос теректің қабығын сыпырып алған

Zakon.kz
Жасыл желекке зиян келтірген бұзақылар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Павлодардағы Степан Разин көшесі, 1 мекенжайында Ертіс жағасындағы судан құтқару стансасында белгісіз жандар екі теректің қабығын сыпырып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Оқиға орнына қалалық ТҮКШ бөлімінің мамандары шығып, болған фактіні тіркеуге алды, - дейді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова.

- Мұндай құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларды анықтау мақсатында барлық материал полицияға тапсырылды. Жасыл желекке зиян келтірген бұзақылар 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Ал, егер де бұл әрекетке заңды тұлға барған болса, 30-100 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл осымен Павлодарда орын алған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін вандалдар ағаш кесуге рұқсаты болмасына қарамастан, дүкенге кіреберіс жолда өсіп тұрған теректің тамырына бетон құйып тастаған. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік иесіне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетерлігі, Степан Разин, 1 көшесінде ешқандай дәмхана мен дүкен орналаспаған. Баспасөз хатшысының айтуынша, бұзақылардың бұл қылығынан екі терек енді жазда кесілетін болды.

Фото: inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Снег и гололед: о ненастной погоде 8 декабря предупредили синоптики

Думают, что ее можно обмануть: прокурор, добившаяся трех пожизненных приговоров

Новая схема мошенничества: важное заявление сделала Генпрокуратура Казахстана

Полицейский погиб в ДТП на трассе Акмолинской области

Фронтальный удар по Земле: магнитные бури накроют планету в ближайшие дни