Алдағы күндері Астанада қар жауып, жел соғады

Zakon.kz
2016 жылдың 13 қазанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағынан 1 861 151 текше метр қар шығарылды.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, қаңтардың 4-6 аралығында елордада жел соғып, қар мен бұрқасын болады. Бүгін Астанада күн бұлтты, аздап қар жауады, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Ауа температурасы 0...-2°С, түнде -4...-6°С. Таңертеңнен бері оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кейде 20 м/с жетіп, ертең де сақталады. Бұл туралы Астана әкімдігінің сайты хабарлады. 5 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады, сырғыма боран соғады. Термометр бағаны күндіз -4...-6°С, түнде -6...-8°С көрсетеді.

Арғы күні де аздап қар жауып, жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -8...-10°С, түнде -12...-14°С. Ауа райының бұзылуына байланысты елордада бүгін таңертең қар жинау жұмыстарының қарқыны күшейтілді. «Астана Тазалық» ЖШС-інен 376 арнайы техника көшеге шықты, 245 жол жұмыскері санитарлық тазарту жұмыстарына тартылды.

2016 жылдың 13 қазанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағынан 1 861 151 текше метр қар шығарылды. Осы кезеңде көктайғақпен күресте 21 176 текше метр құм-тұз қоспасы және 1 118,35 тонна «Айсмелт» реагенті себілді.

Фото: 24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

В Таиланде нашли золотое кольцо возрастом 2 000 лет с загадочной надписью

Кто стал победителем Всемирных игр кочевников: поставлена точка

Британец "отличился" на борту самолета Тбилиси – Астана

Изменились правила валютных операций в РК

"Я не могу петь, плачу": Алла Пугачёва растрогалась во время встречи с 90-летним Раймондом Паулсом