Павлодар облысында жексенбі күні 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Zakon.kz
Қар құрсауында қалған көліктерде алты адам болған. Оның біреуі жас бала.
Жексенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жолда қалған жеті техника мен 14 адамды құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабаралауынша, алдымен Павлодар ауданы Шақат-Шалдай бағытындағы автожолда қарға батып қалған 4 машина шығарылған. Онда барлығы 8 адам болған. Дәл осыған ұқсас жағдай Шарбақты ауданына қарасты Шарбақты-Шалдай бағытындағы трассада орын алды. Атап айтар болсақ Арбиген ауылының маңында үш жеңіл көлік жолда қалып қойған.

Қар құрсауында қалған бұл көліктерде алты адам болған. Оның біреуі жас бала. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. - Демалыс күндері алыс жолға шығып, жолда қалған жолаушыларды құтқаруға төтенше жағдайлар департаменті «Жедел құқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің 1 көлігі мен екі маманы жұмылдырылды.

Олар қарға батқан көліктерді шығарып, жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар жолаушылар межелі жерге жеткенше өз бақылауларында ұстады, - дейді мамандар.

Фото: dt.ua

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана