Алматы облысында төсегінде жатып темекі шеккен тұрғын ажал құшты

Zakon.kz
Есік қаласындағы №6 өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс пункітіне тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы хабар сағат 09-00-де түскен.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек ауылында тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты. Мамандардың айтуынша, өртке төсекте жатып темекі шегу себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Есік қаласындағы №6 өртке қарсы күрес бөлімінің байланыс пункітіне тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы хабар сағат 09-00-де түскен. Өрт сөндірушілер тілсіз жау жайлаған орынға уақытында жетіп, өртті дер кезінде ауыздықтады. «Оқиға орнынан үйдің иесі 1951 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Тұрғын үйді қарау барысында өрттің үй иесі жатқан төсектен басталғаны анықталған», - делінген баспасөз баянында.

Айта кетерлігі, тексерулер барысында үй иесінің плевритпен науқастанатыны, ұзақ уақыт бойы төсекте жататыны да белгілі болды. «Алдын ала қорытындылар бойынша өрттің шығуына төсекте жатып темекі шегу себеп болуы мүмкін. Дегенмен, оқиға орнында қазіргі күні Еңбекші қазақ ауданы ІІБ жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», - делінген баспасөз баянында. Осыған байланысты, өртке қарсы қызмет төсекте темекі шегу - өрт қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзуға жататынын, оның адам өмірі үшін аса қауіпті екенін еске салады.

Автор: Самал Қабышева

Фото: inform.kz
Алматинская область
Астана
Алматы
Актау
Актобе
Кызылорда
Семей

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Заморозки до -7°С, снег и метели: штормовое предупреждение объявили в Казахстане

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Ночные морозы ожидаются в Алматы: погода на неделю

Рыбакина с трудом переиграла 128-ю ракетку на пути к 1/2 финала WTA 500

Курс доллара снова вырос на торгах 23 октября