Рақымшылыққа байланысты Қазақстан түрмелерінен 25 адам шықты

Zakon.kz
Пробация жүйесі арқылы түскен алты мың материал жаза өтеу мерзімін қысқарту және жазаның қалған бөлігін шартты түрде өтеуді қарастырады.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру аясында республиканың жабық мекемелерінен 25 адам бостандыққа шықты, тағы 14 адам бас бостандығын шектеумен байланысты емес жазаларын өтеуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІД Қылмыстық атқару жүйесі (ҚАЖ) комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген Рақымшылық туралы заңға қол қойылған сәттен бастап, ҚАЖ мекемелерінде және пробация қызметтерінде материалдарды сотқа жіберу туралы қауырт жұмыс басталып кетті. 2017 жылдың 24 қаңтары күні сегіз мыңнан астам материал қарауға жіберілді. Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінен сотқа түскен екі мыңға жуық материал абақтыдан босатуды, жаза мерзімін 1/2, 1/4 және 1/5 бөліктеріне қысқартуды және бас бостандығынан айыру мерзімін - шектеуге немесе айыппұлға ауыстыруды көздейді. Пробация жүйесі арқылы түскен алты мың материал жаза өтеу мерзімін қысқарту және жазаның қалған бөлігін шартты түрде өтеуді қарастырады», - делінген хабарламада.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Этери Тутберидзе не явилась за наградой к президенту Грузии

Испанское побережье превратилось в казахский аул: фанаты Димаша запустили необычный проект

Гигантский айсберг, который в два раза больше Лондона, растает за несколько недель

Казахстанцам хотят разрешить использовать пенсионные накопления на лечение зубов

Правила эксплуатации приборов учета воды изменились в Казахстане