Ақмола облысындағы өрт 4 баланың өмірін қиып кетті

Zakon.kz
Оқиға орнынан 2012 жылғы В.В. Кривенко және 2016 жылғы Ю.В. Кривенко Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сонда тілге келместен көз жұмды.
Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 4 бала ыс тиіп, көз жұмды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметі бойынша өрт Аршалы және Сандықтау аудандарында бір күнде, бір уақытта, яғни, ағымдағы жылдың 28 қаңтарында кешкі уақыт 18:00-19:00 аралығында орын алған. «Сандықтау ауданының Лесное ауылындағы Центральный көшесінің бойындағы екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртке оранды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамынан 3 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, «Балкашинский ПЗ» ЖШС 2 жұмысшысы мен 1 техникасы және ауылдың 6 тұрғыны жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 2012 жылғы В.В. Кривенко және 2016 жылғы Ю.В. Кривенко Сандықтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сонда тілге келместен көз жұмды. Сонымен қатар, осы күні Аршалы кентіндегі Митченко көшесінің бойындағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамынан 3 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы тартылды.

Ыстан уланған 2011жылғы А.Н. Сабырбай және 2012 жылғы Н.Н. Сабырбай Аршалы аудандық ауруханасында көз жұмды», деп көрсетілген хабарламада.

Фото: topre.ru

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Всему приходит конец": Игорь Крутой поставил точку в проектах с Димашем Кудайбергеном

Сотрудники спецЦОНа в Астане создали ОПГ и провернули прибыльную схему

Женщина заработала более 450 млн тенге на книгах, созданных нейросетью

Астрологи назвали три знака зодиака, у которых скоро закончится тяжелый период

"Рада, что продолжила играть в свою игру": Рыбакина высказалась после выхода в полуфинал турнира в Нинбо