Бір жылда Қазақстанның медициналық ұйымдарында 5 мыңнан астам шетелдік емделді

Zakon.kz
2016 жылы Қазақстанның медициналық ұйымдарында емделген шетел азаматтарының саны 28%-ға артты.
Медициналық қызметтер Түркия, Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Корея, Қытай сынды алыс-жақын шетел азаматтарына көрсетілді, деп жазады zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Шетелдік пациенттердің арасында консультативтік-диагностикалық, стационарлық, нейрохирургиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық қызметтер, сонымен бірге, трансплантология және т.б. сұранысқа ие.

«Нейрохирургия ұлттық орталығы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасының Joint Commission International ең жоғары халықаралық стандартымен сертификатталған. Аталған ұйым әлем бойынша шетел азаматтарына арналған ауруханаларды тексеріп, стандарттаумен айналысады. Орталықтың бұл стандарттарға сай келуі – медициналық туризмнің халықаралық нарығына жол ашты», - дейді «Нейрохирургия ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов.

Оның айтуынша, алғашқы жылдары нейрохирургия орталығына медициналық туризм бойынша қабылданған адамдар саны аз болса, өткен жылы алыс жақын шетел мен ТМД елдерінен емделуге 35 пациент келді.

«Біздің орталықта ем алғысы келетін шетелдіктер саны күн санап өсуде. 8 жылда Нейрохирургия ұлттық орталығында 180-нен астам шетел азаматтарына ота жасалды», - деп хабарлады ол.

Денсаулық сақтау министрлігінде мәлімдегендей, Қазақстанда көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы шетелде көрсетілетін қызметтерден әлдеқайда арзан.

Қазіргі таңда медициналық туризмді дамыту бойынша жұмыс мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін «University Medical Center» корпоративтік қорының (UMС) ұйымдары арқылы жүзеге асырылуда. Бүгінде Астанада орналасқан UMC барлық республикалық орталықтарының JCI халықаралық сертификаттары бар және олар шетел азаматтарына медициналық көмек көрсету орталықтары болып табылады.

Сонымен бірге, медициналық туризм «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ-да белсенді түрде дамып келеді.

Фото: admin.elarna.com

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана