Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Zakon.kz
Ол үйде жатып үсіп қалған
Оралда жылу мен жарығы жоқ, қоқысқа айналған үйде жалғыз тұрып келген 83 жастағы Валентина Дубовскаяның аяғының бір бөлігі үсіп қалған. Енді оған ампутация жасау қаупі төніп тұр, деп хабарлайды stan.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.

Еріктілер әжейдің аман қалуына үй хайуанаттары көмектескенін айтады.

«Терезе әйнектері жоқ, үй іші суық. Үйіндегі мысықтары мен иті қасында бірге жатқандықтан, әжейдің денесінің бар бөлігі үсіп кетпегенге ұқсайды», – дейді ерікті Марина Киловатт.

Еріктілер үйдегі қоқысты екі күн бойы тазалады. Енді үйге жылу орнатып, жөндеуден өткізетін демеушілер іздестіруде. Олар кезекшілік қойып, әжейдің күтімін мойнына алды. Әжейдің рұқсатымен оны емханаға алып барды.

«Жағдайы орташа ауыр күйде. Екінші және үшінші дәрежелі үсік шалған. Өзгелердің айтуынша ол үйде жатып үсіп қалған», – дейді облыстық емхананың жарақат бөлімінің жетекшісі Ақылбек Бақаев.

Бұған дейін 83 жастағы әжейдің тау болып үйілген қоқыс арасында жалғыз тұрып жатқанын баяндаған едік.

Фото: stan.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Солнечные электростанции в Тибете неожиданно повлияли на местных жителей и природу

Протяженнее километра: в Саудовской Аравии достраивают самое высокое здание планеты

Идеальные породы собак для пожилых людей

Бибисара Асаубаева – новый лидер обновленного рейтинга FIDE, а где расположился Жавохир Синдаров

299 тысяч долларов и 102 млн рублей: КНБ предотвратил вывоз валюты из Казахстана