БҚО-да жоғалған екі адамның мүрдесі табылды

Zakon.kz
Екі трактор, КамАЗ және УАЗ көліктері жоғалғандарды дамылсыз іздейді.
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында жоғалып кеткен әйел мен ер адамның мүрдесі табылды, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Қайтыс болған 36 жастағы Наиль Валиев пен 44 жастағы Салықова Әлия аудан орталығынан 14 шақырым жердегі шаруа қожалығына тиесілі «Үркіш» деген қыстақта жалданып жұмыс істеп жүрген.

Ақпанның 14-і күні таңғы сағат 09:00 шамасында екеуі Қаратөбеден қыстаққа қарай жаяу шығып кетеді. Туыстарының айтуынша, олардың ұялы телефондары сол күні кештен бастап сөндірулі болған. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Жұмағалиевтің хабарлауынша, марқұмдарды іздеуге полиция мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары жұмылған.

Екі трактор, КамАЗ және УАЗ көліктері жоғалғандарды дамылсыз іздейді. Қосымша көмекке Оралдан да құтқарушылар тартылды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең олардың мүрделері қыстақтан 4 шақырымдай жерден кинологтардың көмегімен табылды. Қазір олардың денелері сот-медициналық сараптамадан өткізу үшін облыс орталығына жіберілді. Қыс мінезі өте құбылмалы.

«Сондықтан, тұрғындар сақтық шараларын мықтап ескергені жөн дейді», - мамандар.

Авторы: Талғат Серікқалиұлы

Фото:24.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Доллар уже не спасает: почему казахстанцы массово меняют валютную стратегию

Акулы на курортах Египта: случайность или новая реальность

Физики впервые обнаружили квантовые скачки во времени

Приоткрыта завеса тайны над внезапной эвакуацией космонавтов с МКС

От -27°С до +3°С за три дня: какая погода ждет Алматы, Шымкент и Астану