Петропавлда пәтер тонағандар ұсталды

Zakon.kz
Жылдың басынан бері СҚО аумағында 216 пәтердің тоналғандығы тіркелген.
Петропавл қалалық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері пәтер ұрыларын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлда полицияға тұрғындардан пәтерлерінің тоналғандығы туралы бірден бірнеше арыз келіп түскен. Белгісіз қылмыскерлер үй иелері күндіз жұмысқа кеткен уақытты пайдаланып, құлыптарға кілт сәйкестендіріп есікті ашып кірген. Зергерлік бұйым, ақша, құрылғыларды қолды еткен.

Петропавл қалалық ІІБ бастығының міндетін атқарушы Асан Мейрамовтың айтуынша, ұрылар кезекті пәтер тонау кезінде Сәбит Мұқанов көшесіндегі ғимараттың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кейіннен олар тұтқындалды. Олар қазіргі таңда 10 пәтерді сәйкес келетін кілтпен ашып, тонағандығын мойындаған. Ұсталғандар 28-30 жас аралығындағы Петропавл тұрғындары болып шықты. Бұрын олар осындай қылмыс жасағаны үшін сотталып, жазаларын өтеп шыққан. Екеуі де нашақор.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 188-бабының 2-тармағы «Ұрлық жасау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Осы бапта бес жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазасы қарастырылған. Жылдың басынан бері СҚО аумағында 216 пәтердің тоналғандығы тіркелген. Қылмыстың ашылу пайызы 85%-ы құрайды.

Фото: www.inform.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

Озвучены новые подробности по отравлению 52 человек в вагоне поезда в Алматы

Казахстанка разозлилась на объявления КСК и отсудила компенсацию

Спутник NASA запечатлел жуткое явление в океане

"Чемпионы отдыхают": Михаил Шайдоров засветился с девушкой на Мальдивах

Рыба, купленная с рук, грозит сроком до 7 лет: в прокуратуре сделали заявление